+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалаған әйел сотталды

2021 жылғы 7 шілде 14:54
Бөлісіңіз:
Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалаған әйел сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан әйел сотталды. Мұндай фактіні Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда заңсыз сатылған ұңғыма мемлекетке қайтарылды ШҚО-да iPhone алу үшін мал ұрлаған екі жігіт 5 жылға түрмеге қамалды Алматыдағы атыс: Қылмыстық іс қозғалды

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Алматы облысының №2 ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен К.Б. есімді азамат ҚР ҚК 135 бабы, 2 бөлігі, 2,12 тармағы кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда жаза өтеу мерзімі сотталушының өз балалары 14 жасқа толғанға дейін шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл үкімді шығаруға Талғар аудандық прокуратурасының кәмелетке толмағандарға заңсыз қамқоршылық рәсімдеу дерегін анықтау себеп болған. Қазіргі таңда азаматша өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT