Алматы облысында КамАЗ жүргізушісі итті көлігіне байлап алып сүйреген

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Талғар ауданы Еркін ауылында КамАЗ жүргізушісі итті жүк көлігіне байлап, көше ортасында сүйреді. Полиция КамАЗ жүргізушісінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

КамАЗ артында жіпке байланып, сүйретіліп бара жатқан иттің видеосы желіге шықты.

Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов құқықбұзушылық Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.

«Тексеру жұмыстары аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз», - деді Рустам Әбдірахманов.

Кейінірек ол көлік жүргізушінің кім екені анықталғанын мәлім етті. Ол 42 жастағы С. есімді азамат болып шықты. Алдағы уақытта тексеру жұмыстарының нәтижесі туралы қосымша хабарланады.


Соңғы жаңалықтар