Алматы облысында қақаған суықта жаралы аққу құтқарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шилісу ауылы маңында тобынан қалып қойған аққу құтқарылды. Тұрғындардың көмегімен табиғатты қорғаушылар аққуды ұстап, уақытша Алматыдағы хайуанаттар бағына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша Кербұлақ ауданына қарасты Шилісу ауылы маңындағы суға үш аққу ұшып келген. Ауылдағы ағайын сұлу құстарға нан шашып, қызықтап қарап жүретін. 1,5 ай бұрын екі аққу ұшып кетіп, біреуі қалып қойған. Соңғы күндері күн қатты суытып, мұз қата бастады. Ләззат есімді тұрғын киелі құсқа жаны ашып, жан-жаққа хабарласты. Ақпаратты естіген табиғатты қорғаушылар ауылға келіп аққуды ұстауға кірісті.  ҚР АШМ Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром» ӨБ" РМҚК инспекторлары жергілікті тұрғындар көмегімен жаралы құсты ұстап, Алматы қаласындағы хайуанаттар бағына жеткізді. Ол жерде мамандар аққудың жарақатын анықтап, ем-дом көрсетіп, қарамағына алатын болды.

Айта кету керек, күннің күрт суытуына байланысты мұндай жағдайлар жиілеп кетті.

«Жуырда дәл осындай жағдай Солтүстік Қазақстанда қайталанған болатын. Ол жерде мамандар 16 аққуды құтқарды. Ең бастысы қоршаған ортаға, жануарлар дүниесіне бейжай қарамайтын қарапайым адамдар көбейд»,- дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар