Алматы облысында кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін әлеуметтік желілерде Қапшағай қаласының полицейлері ішімдік ішіп алып, кафенің күзетшілерін ұрды делінген жазба тараған болатын. Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған. Яғни, ол демалушыларға демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамағанға ұқсайды. Сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін.

Бұл жайт Қапшағай қаласындағы «Delmare» кафесінде болған. ҚазАқпарат тілшісі аталған орынның әкімшісімен телефон арқылы сөйлесті. Олар екі күзетшінің зардап шеккенін және олардың ауруханада жатқанын жеткізді.

«Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 293 бабы «Бқзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар