Алматы облысында іздеуде жүрген 20-дан аса қылмыскер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында үш күннің ішінде 20 дан аса қылмыскер ұсталды. Олар полицейлердің арнайы ұйымдастырған алдын-алу шарасы барысында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицейлер арасында белсенділікті Кербұлақ, Талғар аудандарының және Талдықорғанның тәртіп сақшылары танытты. Олар іздеуде жүрген 9  қылмыскердің мекен-жайын анықтап, ұстады. Сондай-ақ Көксу ауданының полицейлері 9 жылдан бері соттан қашып жүрген ер азаматты анықтады», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД-ң баспасөз қызметі.

Сондай-ақ,   сәуір айында Алматыда аса ірі көлемде ұрлық жасап, іздеу жарияланған  жас әйелді Алматы облысының полицейлері  ұстап, Алматыдағы әріптестеріне тапсырыпты.

«Сонымен қатар,  халықаралық  іздеуде жүрген үш шет ел азаматы ұсталды. Олар жайлы ақпарат Өзбекстан және Ресейден түсті. Ұсталғандар елдеріне  экстрадицияланатын болады»,- деп толықтырды ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар