Алматы облысында іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында соңғы тәуліктер ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте өңірдің тәртіп сақшылары тонау, алаяқтық, ұрлық, автокөлік ұрлау фактілері бойынша және басқа да қылмыс жасаған 11 азаматты қолға түсірді. Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалды деген 3 адам табылды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеуде жүргендерді тауып, қамауға алу жұмыстары «Іздеу» алдын-алу шаралары аясында жүзеге асқан.

Мәселен Ескелді ауданында ауылдасына суық қарумен ауыр дене жарақатын жасап, денсаулығына нұқсан келтірген 17 жасар бозбала ұсталды. Ал Еңбекшіқазақ  ауданында ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталған азаматша қолға түсті. Текелі қаласында автокөліктерді тонаумен айналысқан қылмыскер құрықталды. Алдын-алу шара барысында осыдан бірнеше жыл бұрын жасалған 9 қылмыс ашылды.

28 қыркүйекте облыс полицейлері алдын-алу шарасының толық нәтижесін шығарып, жария етпек.

Соңғы жаңалықтар