Алматы облысында із-түзсіз жоғалған студент қыз табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі 21 мамырда жоғалған қыздың табылғандығы жөнінде мәлім етті. Бір апта бойы хабарсыз кеткен студент Панфилов ауданының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелеттік жасқа толмаған студент қыз Панфилов ауданындағы колледждердің бірінде оқиды. Полицейлерге оның жоғалғандығы жөнінде анасы хабарлады. Қыздың бұған дейін үйінен бірнеше рет қашып кеткені анықталды. Қыз баланы іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді. Нәтижесінде, ол Алматы қаласынан, яғни үйінен 300 шақырым алыс жерден табылды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомства өкілдері, қазіргі таңда жоғалған қыз ата-анасының қолына табысталып, өзінің үйіне барғанын мәлім етті.
Ал үйінен қашуды әдетке айналдырған студенттің өзімен және анасымен ювеналды полиция өкілдері профелактикалық жұмыс жүргізген. Сондай-ақ бұл материал аудандық әкімдіктің әлеуметтік сала жөніндегі комиссияға табысталады.

Соңғы жаңалықтар