Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі баланың анасы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында із-түзсіз жоғалған  екі баланың анасы табылды. 24 жастағы әйел бір апта бойы таныс досының үйінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні 24 жастағы әйелдің Алматы қаласы маңындағы Алғабас ауылында досының үйінде болғаны  анықталды. Әйелді Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ жеткізіп, одан болған жайт бойынша түсініктеме алынды. Артынша  жоғалған әйелдің табылғандығы жөнінде туыстарына хабарланды», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшыларының мәліметінше, үйінен кетіп қалған әйел өз әрекетіне  түсініктеме беруден түбегейлі бас тартқан. Қазіргі уақытта 24 жастағы келіншек Талдықорған қаласы маңындағы туыстарының үйінде.

Айта кету керек, 28 желтоқсан күні Сандуғаш Бақтиярқызы үйінен дүкенге шығып кетіп, сол күйі оралмаған болатын. Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылы тұрғынының жоғалғандығы жөнінде ақпаратты полицейлерге оның 34 жастағы жолдасы хабарлаған. Екі кішкентай баланың анасын іздеуге аудандық полицейлермен қатар облыстың тәртіп сақшылары да жұмылдырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар