Алматы облысында із-түзсіз жоғалған бала табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында із-түссіз жоғалған бала екі тәуліктен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеткіншек бұған дейін де бірнеше рет үйінен қашып кеткен. Анықталғандай, 10 жастағы баланы әкесі тәрбиелеуде. Ал анасы күйеуімен ажырасып кеткен.

«Желтоқсанның 8-і күні Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-і мектеп оқушысының жоғалуына байланысты іс қозғаған. Әкесі бір тәулік бойы ұлын өз бетінше іздеп, таба алмаған. Кейін құқық қорғау органдарына жүгінген. Бұл жолы баланы оның досының үйінен тапты. Қазір жеткіншек әкесімен бірге», деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 10 жастағы мектеп оқушысын іздеуге полицейлерден өзге, мектеп мұғалімдері де жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар