Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 2 баланың анасы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында екі баланың анасы 17 күннен кейін табылды. Анықталғандай, 23 жастағы Анастасия Букова осы уақыт аралығында танысының үйінде болған. Ал туыстары болса жоғалған әйелді іздеп, оның өміріне қауіп төнді деген үреймен күн кешкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анастасияның туыстары халықтан  оны іздеуге көмек сұрап, БАҚ көмегіне де жүгінген. Тіпті жоғалған қызды белгісіз біреулер қасақана ұстап отыр деп күдіктенген. Себебі, 23 жастағы Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылының  тұрғыны 19 қаңтар күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Алайда жас келіншектің  үйіне қайтып оралмауына  жанжал түрткі болғанын полицейлер анықтады.

«Талғар ауданының полицейлері жоғалған адамды тапты. Қазір 23 жастағы Анастасия Букова жақындарымен кездесті. Әйелдің сөзінше, ол осы уақыт аралығында Талғар қаласындағы танысының үйін паналаған. Ал оның мұндай шешім қабылдауына жолдасы екеуінің арасындағы жанжал себеп болған», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар