Алматы облысында із-түзсіз кеткен 9-шы сынып оқушысы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы Қапшағайда із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімді табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін Қапшағайда 9-шы сынып оқушысы, 15 жастағы Сергей Маленконың жоғалып кеткені хабарланған еді.

Ол 2 шілде күні таң ата үйінен мотоциклмен шығып кетіп, оралмаған.

«Баланың жоғалғаны туралы хабарды полицияға оның анасы жеткізген. Осыдан соң Қапшағай қаласының тәртіп сақшылары мен жасөспірімнің туыстарының көмегімен кең көлемде іздестіру жұмыстары жүргізілген. Бүгін жасөспірімнің досымен бірге Алматы қаласына барып, жалдамалы пәтерде түнегендігі анықталды»,-деп хабарлады Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осы кезде ол дін аман Қапшағайға жеткізіліп, қазір туғандарының арасында отыр.

«Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспіріммен әңгіме жүргізді», - деп хабарлады облыстық полиция қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар