+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматы облысында ит талаған 7 жасар бала ауруханада көз жұмды

2018 жылғы 8 қараша 15:43
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ит талаған 7 жасар бала ауруханада көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласына қарасты Мерекелік саяжайында 7 жастағы баланы ит талап, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаны Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасына науқас 6 қараша күні кешкі сағат бестерде түстен. 2011 жыл туған бала өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол 7 қараша күні сағат 13:35-те қайтыс болды. Оны ит қапқан. Баланың бас терісі, беті, мойыны, сол жақ иығы, сол жақ аяғы қатты жарақатталған. Бала ауыр травматикалық шок алған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де аталған фактіні растап, осы факті бойынша сот-алды тергеу басталғанын жеткізді.

«Баланың өліміне байланысты сот алды тергеу ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Иттің иесі анықталды. Ол арнайы қолхатпен жіберілді. Тергеу облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында», - деді аталған ведомстваның өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT