Алматы облысында ішімдік жасайтын жасырын цех анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алкогольдік өнімдер өндіретін жасырын цех анықталды. Сапасы күмәнді спирттік ішімдіктер Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылында шығарылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары жедел-іздестіру барысында жалған акциздік маркалары жабыстырылған нарықта өте өтімді деген сауда белгілері бар 10 шақты арақ түрін өндіретін цехтың жұмысын әшкереледі. Нәтижесінде алкогольдік ішімдік құйылған 467 бөтелке, 500 акциздік марка және 2 тонна спирт тәркіленді.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факті бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары басталды.



Соңғы жаңалықтар