+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында ішімдік өнімдерін қолдан жасап келген азаматша ұсталды (ВИДЕО)

2014 жылғы 22 шілде 11:55
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ішімдік өнімдерін қолдан жасап келген азаматша ұсталды (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ішімдік өнімдерін қолдан жасап келген азаматша ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады.

Келіншектің Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйінен жалған есептік-бақылау маркасымен бекітілген 300 бөтелке «Jack Daniels Whiskey», Алатау ауданындағы үйінен 171 бөтелке «Бахус» коньягы, 317 бөтелке «Хаома оригинальная» арағы, 94 бөтелке «Талка» арағы және басқа да ішімдік түрлері, 220 литр спирт, 1698 дана жалған есептік бақылау маркасы, құтының аузын жабуға арналған аппарат табылды. Бұл өнімдердің барлығы тәркіленді.

«Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 208 бабының 2 тармағы бойынша (акцизді тауарларды маркілеу ережесін бұзу, акцизді марка немесе есептік-бақылау маркасын қолдан жасау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», -делінген облыстық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT