Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында ірі жол апаты болып, 5 адам қайтыс болды. Тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 526 шақырымында болған. Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады.
Алдын ала мәлімет бойынша 3 адам оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал екі адам ауруханада қайтыс болды. Олардың ішінде кішкентай бала да бар.

Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілген 5 адамның екеуі 5 және 6 жастағы балалар. Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар