Алматы облысында ірі көлемде ұрлық жасаған теміржолшылар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында теміржол көліктерінен заттарды ұрлаумен айнлысып келген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, құқықбұзушылар теміржол ұйымдарының жұмысшылары, яғни, 46 жастағы тепловоз жүргізушісі мен оның көмекшісі болып шықты.

Көлік полицейлері ұсталғандардың Бескөл станциясында жүк вагонынан 93 орам арнайы киімге арналған түкті матаны ұрлағандықтарын анықтады.

Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды.

Жүргізілген тергеу әрекеті барысында олардың кінәсі толық дәлелденді.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ұсталғандардың өздері басқарған тепловоздан дизель жанармайын ұрлауға қатыстылығы жөнінде үш факті анықталды.

Алматы обласы Алакөл аудандық сотының үкімімен аталған азаматтар қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар