Алматы облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында диструктивті діни ағымын ұстанушыдан 20 қап марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті экстримизмге қарсы күрес басқармасының, және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы, 4 бөлігі,яғни заңсыз есірткі сақтау, өңдеу тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар