Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер есірткі саудасымен айналысқан екі азаматты құрықтады. Олардан тәркіленген есірткі көлемі 15 келіге жетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілер тәртіп сақшыларының «Кендір-2018» арнайы операциясы кезінде Қапшағай қаласы маңында, Іле ауданында ұсталды. Іле ауданы, Қарой ауылының 47 жастағы тұрғынынан 9 кг қарасора  (марихуан) табылды. Ол есірткіні үйінде жасырған. Сондай-ақ Қапшағай-Қазақстан тас жолындағы рейд барысында 28 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны ұсталды. Ол өзінің мотоциклімен 6 кг қарасора алып өтпек болған. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі екі жағдай бойынша ҚР ҚК 296 бабы бойынша сот алды тергеу басталғанын атап өтті.

Жыл басынан бері Алматы облысында заңсыз айналымнан 4 тонна әр түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 1 кг героин, 8 кг гашиш болған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары 50-ден астам есірткі саудалаған азаматтардың қылмыстарын әшкерелеген.

Соңғы жаңалықтар