Алматы облысында ірі есірткі нүктесі жойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Полицияның жүргізген арнайы іс-шарасының нәтижесінде Алматы облысының аумағында тамырлаған ірі есірткі нүктесі жойылды.

Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы ж едел шараларды ҚР ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының полицейлері жүргізді.

Іс-қимылдар барысында есірткінің ауыр түрлерін сатуда күдікті танылған үш тұлға ұсталды.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қылмыстық істер материалдарында күдікті азаматтар ретінде екі ер адам мен бір әйел бар.

Есірткі өткізген екі ер адамға қатысты бұған дейін есірткімен байланысты үшін қылмыстық істер қозғалғаны анықталды және қазіргі уақытта екеуі де 6 және 7 грамм героин сатқаны үшін ұсталды.

Күдікті әйел тап құқық қорғаушылар іздеу жүргізген мекенжайда қолға түсті, бұл үйден аса ірі көлемдегі есірткінің ауыр түрі болып табылатын 116 грамм героин тәркіленді.

Аймақ полициясы анықталған фактілер бойынша тергеу амалдарын бастады. Ұсталғандар қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар