+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Алматы облысында ірі 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

2017 жылғы 30 наурыз 20:59
Бөлісіңіз:
 Алматы облысында ірі 21  инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ірі 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы», «Алматы-Қапшағай», «Бірлік-Ақбұлақ» автомобиль жолдары құрылысы және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Алматы-Өскемен», «Ұзынағаш-Отар», «Астана-Алматы», «Алматы 1-Шу», «Алматы-Бішкек» автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері, сондай-ақ, «Қазыбек Бек-Жетіген» темір жолының құрылысын қосуға болады.

Айта кету керек, осы жобаларды жүзеге асыру барысында жекенің меншігіндегі жерлерді мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін осыған орай, Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен алқалы жиын өтті. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Жолан Омаров кеңінен баяндады.

Баяндамашылардың хабарламасын тыңдаған облыс әкімі А. Баталов бірқатар маңызды жайттарға назар аударды. Атап айтқанда, сөз болған мәселелердің бірі - Іле ауданындағы «Береке» индустриалды аймағының құрылысы мен оны дамыту жұмысы. Индустриалды аймақ аумағында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бірқатар инвесторлар болғанына қарамастан, қажетті 70 аса жер учаскесінің небәрі 3-еуі ғана сатып алынған. Осы мәселе бойынша Іле ауданы әкімінің жұмысы сынға алынды.

«Инвестиция тарту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жаңа кәсіпорындар құру - Мемлекет басшысы алдымызға қойған маңызды міндеттер. «Береке» индустриалды аймағын дамыту үшін жер учаскелерін сатып алу ісі баяу жүруінің салдарынан бұл жұмыс тоқтап тұр. Ал жоспар бойынша қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатуы тиіс еді. Бұл мәселені жылдамдатып, қатаң бақылауда ұстаңдар», - деді облыс әкімі А. Баталов.

Өңір басшысы Талдықорған қаласының әкіміне сатып алуға жататын жер учаскелерінің құны жөніндегі мәселені тұрақты бақылауға алуды, бағалау құнын өсіру фактілеріне жол бермеуді тапсырды. Сондай ақ, Алматыдан шығаберіс пен қалаға кірер жолдағы көлік кептелісі қиындығын болдырмау мәселесін назардан тыс қалдырмауды ескертті. Осы мақсатта 6 радиалды жолды төсеу жоспарланған. Бөлінген алапқа Іле, Қарасай аудандарының алаңы 40,2 га болатын 43 жер учаскесі енген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT