+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Алматы облысында газ құю цистернасы жарылып, бір адам ауыр жарақат алды

2020 жылғы 6 тамыз 17:07
Бөлісіңіз:
Алматы облысында газ құю цистернасы жарылып, бір адам ауыр жарақат алды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жанармай стансасы аумағанда джип газ құйылған цистернаға соғылды. Цистерна жарылысып, көліктің жүргізушісінің денесін 90 пайыз күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

«6 тамыз күні сағат 10:15-те Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында «Әлем Ойл« газ құятын автостанса аумағында « Toyota Land Cruiser Prado « маркалы машина газ құйылған цистернаға (4 текше метр) соғылған. Цистерна жарылып, сол жердегі 2 автомашина - «Хундай Туксон« және «Лэнд Крузер Прадо« өртенді. Сондай-ақ 700 шаршы метр аумақтағы қураған шөп жанып кетті. Алматы облысының ТЖД күштері өрттті сағат 10.52-де сөндірді», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ведомствоның мәліметінше, « Toyota Land Cruiser Prado-ның» 72 жастағы жүргізушісі 1 дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр.

«Тағы бір зардап шегуші 30 жаста. Ол май құю стансасының операторы. Оның кеудесіне зақым келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші үйіне жіберілді. Жақын маңдағы орналасқан көп қабатты және жеке үйлер зардап шеккен жоқ», - деп толықтырды ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT