Алматы облысында етті мал шаруашылығы форумы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында «Лепсі-2019» атты етті мал шаруашылығының республикалық форумы басталды. Шара өңірдің ең ірі шаруашылығы - «Арқарлы Майбүйрек» серіктестігі базасында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынның басты мақсаты - Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту, мал басын асылдандыру және ет экспорты потенциалын арттыру.

Басқосуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Қазақстанның ет одағы, Ақбас, Герефорд, Ангус асыл тұқымды сиыр палаталары, ет өндірушілер мен шаруашылық басшылары қатысуда.

Форумның алғы сөзін Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев алып, өңірдің ауыл шаруашылығы жағдайымен таныстырды.

«Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35 млрд 636 млн теңгеге жетті. Салаға 1 млрд 562 млн теңге инвестиция тартылды. 2018 жылы мал шаруашылығы саласында 18 мың тоннаға жуық ет, 37 мың тонна сүт, 435 тонна бал, 742 тонна балық, 400 тонна сұйық май өндірілді. Аудан шаруалары шығарған өнімдерінің 4 түрі - 200 тонна ет, 138 тонна балық (сүбе), 4,2 тонна бал, 400 тонна сұйық май алыс - жақын шетелге экспортталды», - деп атап өтті аудан басшысы.
null null null

Форум екі күнге жалғасады. Қонақтар Алакөлдегі ірі шаруашылықтарда болып, мал көрмесіне қатысады. Сондай-ақ алғаш рет асыл тұқымды мал аукционы өтіп, жиналған қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.
null

Соңғы жаңалықтар