Алматы облысында есірткі тасымалдаушы арнайы операция барысында ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолының 97 шақырымында арнайы операция жүргізген полиция қызметкерлері есірткі тасымалдаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының мамандары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жолда тоқтатқан көліктен 4 кг 627 гр марихуана және 5,52 гашиш тәркіленді.

«43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті көлікте жолаушы болған. Ер адам бұған дейін есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағы яғни, есірткіні заңсыз сақтау және аса ірі көлемде оны тасымалдағаны үшін сот-алды тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар