+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматы облысында еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды

2020 жылғы 29 ақпан 06:00
Бөлісіңіз:
Алматы облысында еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы облысы жастар саясаты басқармасы жанынан Алматы облысы еріктілерінің «Birgemiz Jetisy» атты фронт-кеңсесі ашылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңсенің ресми ашылу рәсіміне «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны, жас волонтер Серік Есматов, облыстың волонтер-демеушілері, сондай-ақ құрметті азаматтары қатысты. Шара аясында өңірде еріктілердің жұмысын дамытуға бағытталған ұсыныс-пікірлерді жинақтау, ортаға салу мақсатында басқосу өтті.


Ұйымдастырушылардың сөзінше, фронт-кеңсе облыс волонтерларының басын қосып қана қоймай, ізгі істер бастау алатын орынға айналмақ.

Айта кетейік, 12 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық волонтерлер штабының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына «Таза әлем» және «Білім» бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуді тапсырған болатын. Осыған қарай, өңір еріктілері жұмысты бастап та кетті.

Сонымен қатар, шара аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, Талдықорған қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған 20 отбасыға көмек көрсетілді. Оның 14-і жалғызбасты және көпбалалы аналар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар. «Birgemiz» маршруты демеушілер мен еріктілер дайындаған арнайы сыйлықтарды (азық-түлік, киім-кешек, ақшалай) отбасылардың үйлеріне барып, табыстады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT