Алматы облысында ер азамат екі баласымен бірге өртеніп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ер азамат екі баласымен бірге өртеніп, мерт болды. Жаға ұстатарлық оқиға Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қайғылы жағдайды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. Оқиға бүгін таңғы сағат төрт шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.

Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. 2005 жылғы ұл бала оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала аурухана жеткізіліп, көп ұзамай ол да мерт болды.

1973 жылғы азаматтың мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман. Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар