Алматы облысында ер адам пойыздың жүруіне кедергі келтіріп, оған тас лақтырған

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысында теміржолда белгіленбеген жерден өтіп, пойызға тас лақтырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі теміржолда адамның болуына байланысты шұғыл тежегішті қосып, қауіпті жағдайға тап болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 7 минутқа тежелген.

Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен. Бұған кінәлі ретінде Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.


Соңғы жаңалықтар