+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматы облысында эпидахуал нашарлады

2021 жылғы 22 шілде 13:35
Бөлісіңіз:
Алматы облысында эпидахуал нашарлады

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлай түсуде, өңір «қызыл» аймақта. Бұл туралы облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да күн сайын 13 мыңға жуық адамға вакцина салынуда Қостанай облысында түрмеде «Ashyq» жүйесі іске қосылды Түркістан облысында 36 азамат «қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барған

Эпидемиологиялық матрица бағалауы бойынша, Ескелді мен Талғар ауданы, Текелі мен Талдықорған қаласы «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал аудандары «сары» аймақта, қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта.

2020 жылдың наурыз айынан бері КВИ-дің 29 872 лабораториялық расталған жағдайы тіркелді. Олардың 19 167-сі - симптоммен. Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,4%-дан 0,6%-ға артты.

Негізінен, КВИ және «Дельта» вакциналанбаған тұрғындар арасында тіркелген, бұл вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 513 109 адам егілді, екінші компонент 291 549 адамға салынды. Вакциналанғандар саны бойынша педагогтар (37 594) және медицина қызметкерлері (23 167) көш бастап тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT