Алматы облысында «English for Jastar» жобасы бастау алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы «English for Jastar» жобасын қолға алды. Жаңа бастама алғашқы кезеңде 500 оқушыны қамтымақ, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба аясында ағылшын тілін жетік білетін еріктілер мен ағылшын тілінде емін-еркін сөйлейтін шетелдік азаматтардан құрылған топтар оқушыларға мектеп бағдарламасынан тыс ағылшын тілін жетілдіруге ат салысады. Алматы облысында еріктілер Ақсу, Алакөл, Көксу, Қаратал, Кербұлақ және Панфилов аудандарына барып, 2-2,5 ай оқушылармен жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда еркін форматта кездесулер ұйымдастырып, семинар-тренинг, пікір сайыстар өткізіп, жастардың ағылшын тілін меңгеруге бар күштерін салады.
null 

Жаңа жобаның алғашқы дәрісі Көксу ауданындағы коворкинг орталығында өтті. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 4-ші курс студенттері Балпық би ауылындағы Алдабергенов орта мектебінің жоғарғы сыныптарына сабақ жүргізді.

«Бұл жобаның ең тиімді жері - ауыл тұрғындарына қол жетімділігі», дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров.

Партия өкілі: «Әрбір ата-ана баласының ағылшын тілін үйренгенін қалайды. Бірақ көбінің мүмкіндігі бола бермейді. Себебі көп жерлерде ағылшын тілі курстары ақылы. Сондықтан бұл жоба негізінен шалғайдағы ауыл тұрғындарына бағытталып отыр», - деді.

Соңғы жаңалықтар