+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысында еңбек ардагерінің 20 медалін ұрлап кетті

2018 жылғы 20 қаңтар 16:29
Бөлісіңіз:
Алматы облысында еңбек ардагерінің 20 медалін ұрлап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында еңбек ардагерінің мемлекеттік наградаларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті. 25 және 30 жастағы азаматтар жасаған қылмыстарын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Көксу ауданында болған. 6 қаңтар күні аудандық полиция бөлімшесіне 91 жастағы қария арызданған. Анықталғандай, жаңа жыл түнінде ақсақал көршісінің үйіне шығып кеткен. Осы сәтте жалғызбасты зейнеткердің үйіне ұры түсіп, 7 мың теңге ақшасын және 20 медалін ұрлап кеткен. Алғашқыда тек ақша жоғалды деген ақсақал құзырлы органға шағымданбаған. Бірақ, соңында мемлекеттік наградаларын да ұрылардың қолды еткенін білген.

«Полиция капитаны Талғат Оспанғазы мен полиция лейтенанты Жанат Сейілбеков бірнеше күннің ішінде жергілікті екі тұрғынды күдікті ретінде анықтап, ұстады. 25 және 30 жастағы күдіктілер кәніларын мойындады. Ұрланған медальдардың жартысы иесіне қайтарылды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Көксу ауданының полицейлері тергеуді жалғастыруда. Күдіктілердің сөзінше, еңбек ардагеріне тиесілі бірнеше медальді жоғалтып алған. Тәртіп сақшылары жоғалған мемлекеттік наградаларды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT