Алматы облысында еліміздегі ең ірі күн электр стансасы салынуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласы маңында қуаты 150 МВт-тық Қазақстандағы ең ірі күн электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жобаның 1-ші кезеңі 2019 жылдың I-тоқсанында, ал 2-кезеңі III-тоқсанында аяқталып, іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орнатылып жатқан құрал-жабдықтардың басым бөлігі Германияда өндірілген. Құрылысқа 500 адам жұмылдырылған. Нысан іске қосылғанда 26 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.

nullКүн электр стансасын Қапшағай қаласының маңында, нақтылап айтқанда Шеңгелді селолық округінің аумағында орналастырудың негізгі себебі - дәл осы жерде жыл бойы ашық, сәулелі ауа-райы сақталған.

nullӨңір басшысы Амандық Баталов осындай күшті күн электр стансасының салынуы - облыс үшін маңызы зор жоба екендігін, бұл біріншіден «жасыл» энергетиканы дамытса, екіншіден өңірдің электр қуатына деген қажеттілігін азайтуға өз ықпалын тигізетіндігін жеткізді.

  null

Соңғы жаңалықтар