Алматы облысында елік атқандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында заңсыз аң аулаған азаматтар ұсталды. Олардан екі мылтық және еліктің еті табылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Екі қарулы ер азамат ерекше қорғалатын аумақта жабайы аңдарды заңсыз ату кезінде қолға түскен. Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкерлері олардан 308-ші калибрлі «ЧЗ-550» карабинін, 12-ші калибрлі МР-153 ұңғылы мылтығын тәркіледі. Ұсталғандар Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 337 бабы, 3-ші бөлігіне сәйкес заңсыз аң аулау фактісі бойынша сот алды тергеу басталды. Еліктің еті биологиялық сараптамаға жөнелтілді.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе осындай мерзімге бостандығын шектеу жазасы қолданылады.

Соңғы жаңалықтар