+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматы облысында елік атқан браконьер ұсталды

2020 жылғы 21 қыркүйек 14:55
Бөлісіңіз:
Алматы облысында елік атқан браконьер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының табиғат қорғау полициясы елік атқан браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды СҚО-да жыл басынан мас күйде 701 қылмыс жасалған Тараздықтарға пәтер алып беруге уәде берген алаяқ әйел қолға түсті

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу өңірінің аумағанда жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары өзге де табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып Сарқан ауданының аумағында 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Тексеру барысында оның заңсыз аң аулағаны анықталды.

«Арнайы рейд кезінде «Сарқан» аңшылық шаруашылығы аумағында «Нива» маркалы көлік тоқтатылып, көліктен жаңа атылған еліктің денесі табылды. Сондай-ақ, заңсыз аңшылықты кәсіп еткен браконьерлерден екі аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, браконьерлер мінген көлік тергеу аяқталғанға дейін арнайы тұраққа тоғытылған. Табиғи байлықты қорғауға және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған «Браконьер» іс-шарасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT