Алматы облысында электр дабылдарды тексеру жүргізіледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында электр дабылдарды тексеру жүргізіледі. Осыған орай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды үрейленбеуге шақыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар департаменті 20 наурызда сағат 12.00 облыстық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексерісін жүргізу мақсатында электрдабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, сабыр сақтауды және түсінушілікпен қарауды сұраймыз», - делінген ведомстводағы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындаған кезде электр дабылдардың қосылу кезіндегі ережелеріне сай әрекет етуді еске салады.

«Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз радио және теледидар қабылдағыштарын қосып, шұғыл хабарды тыңдап, берілген хабарламаға сәйкес әрекет ету қажет. Егер дабыл кезінде далада болсаңыз, шұғыл хабарламаны тыңдап, берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар