Алматы облысында екпе алушылардың көшін ұстаздар қауымы бастап тұр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында екпе алушылардың көшін ұстаздар қауымы бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір бойынша 39 289 мұғалім вакцина салдырған. Екінші орында Медицина мамандары келе жатыр. 23 656 медицина қызметкерлері ерікті түрде екпе алғандар санатында. Ал, мемлекеттік қызметкерлерге келер болсақ, індетке қарсы вакцина алғандарының саны - 12 253 адам.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші бөлігін өңірдегі 653 349 мың адам алса, екінші компонентін 523 781 тұрғын қабылдап үлгерді. Вакцина - коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы», - делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысында бір тәулікте 376 адам вирус жұқтырды. Жалпы өңірде бүгінгі күнге дейін коронавирустың 41 222 жағдайы зертхана сынамасымен расталған. Оның 28 795-і симптомды. Қазіргі кезде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші - 1 928,6.

Соңғы тәулікте 376 адамнан вирус анықталды. Ауру ең көп таралған аймақ қатарында, Ескелді, Қаратал, Панфилов, Ұйғыр, Талғар, Көксу аудандары мен Текелі және Талдықорған қалалары бар.

КВИ анықталған 376 жағдайдың 295 -і симптомды болса, 81-де ауру белгісі байқалмаған.

Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,1% көрсетіп отыр.


Соңғы жаңалықтар