+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті

2020 жылғы 22 қаңтар 12:26
Бөлісіңіз:
Алматы облысында екі оқушы қыз  жоғалып кетті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 14 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіруде Ақмола облысында іздеуде жүрген 80-ге жуық қылмыскер ұсталды

Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні, кешке Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы өтініш түсірген.

«Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары сондай-ақ, Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған» - делінген таратылған хабарламада.

Жоғалған қыздардың фотосуреттері мен белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT