Алматы облысында екі күнде үшінші рет 3,8 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 4 қазан күні Алматы уақыты бойынша 17 сағат 27 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА some.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызметтің хабарлауынша, жер сілкінісі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 222 километрде, Қазақстан аумағында, ал ошағы 20 км тереңде болған. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 8,5, тербелісі - 3,8.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбіде, 2017 жылғы 3 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 51 минут 25 секундта тербелісі 4,1 жер сілкінісі тіркелген еді. Дүмпу Алматыдан 222 км солтүстікте, ошағы 0 км тереңдікте болған. Ал 4 қазанға қараған түнде жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 51 минут 25 секундта тербелісі 4,6 балл болған тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан 224 км солтүстікте, ошағы 15 км тереңде болған.

Бұрын, үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде Алматы уақытымен 15 сағат 35 минут 52 секундта тербелісі 4,5 жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 223 километрде, ошағы 15 километр тереңдікте жатқан. Осы жер сілкіністерінің барлығы Қазақстанның аумағында - Алматы облысында болған.

Соңғы жаңалықтар