+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Алматы облысында екі адам көлік апатынан мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

2020 жылғы 29 қаңтар 17:54
Бөлісіңіз:
Алматы облысында екі адам көлік апатынан мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында екі адам көлік апатынан мерт болып, тағы 3 адам ауруханаға түсті. Қайғылы жағдай «Үшарал-Достық» автожолының 4-ші шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жүк көлігі үш тәуліктен бері жол жиегінде жатыр Нұр-Сұлтанда «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусын соқты Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nissan X-trail» және «МАЗ-54322» көліктері соқтығысқан. «Nissan X-trail» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Ал дәл осы көліктің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға түскен.

«Алдын ала болжам бойынша, көліктердің соқтығысуына жолдың тайғақтығы себеп болуы мүмкін. Көліктің бірінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 тармағы бойынша сот алды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген аталмыш ведомствоның хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT