Алматы облысында досын өлтіріп, денесін моншаға көмген күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген күдікті ұсталды. Қылмыс орнынан қашып кеткен азамат өзге облыс аумағында қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Есік қаласында болған. Мерт болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған. Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп мәлім етті полиция басқармасының баспасөз қызметінен.
- Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake
- Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды
-
Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды
-
Ақмолалық тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам