Алматы облысында десантшылар мен қарулы күш құрылымдар жаттығу өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында десантшылар мен қарулы күш құрылымдар оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы операция Алматыда 61993 әскери бөлімінің базасында өтті.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік күзет қзыметінің қызметкерлері мен десантшылары топографиялық карталарда аса маңызды мемлекеттік нысандарды бақылауға алды.
null 

«Оқу-жаттығу жұмыстары 3 кезең бойынша өтті. Алғашында 61993 әскери бөлімі дабылмен тұрғызылды. Аса маңызды мемлекеттік нысандар күзетке алынып, құқық қорғау органдарына демеу берілді. Екінші кезеңде жеке құрам төтенше жағдай аясында жұмыс жасап көрді. Үшінші кезеңінде әскери құрам дислокация орнына саппен қайтып келді», - деді 61993 әскери бөлімінің командирі Болат Дүйсембаев.

Оқу жаттығу барысында үздік нәтиже көрсеткен БТР батальонының командирі Айбек Айтмаханов марапатталды.

null null 

Соңғы жаңалықтар