Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 15-16 қазанда Алматы облысының кейбір аймақтарында жауын-шашын түседі. Таулы аймақтарда нөсер жауын қарға ұласуы мүмкін.

Ауа температурасы түнде +2,+7-ден -3 градусқа дейін түсіп, күндіз +8,+13, +16 градусқа дейін ғана көтеріледі деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар