Алматы облысында Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР халық әртісі, әнші, сазгер Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Дауылпаз тұлғаның туған жері Панфилов ауданында «Жетісудың бұлбұлы, сөз өнерінің дүлділі» атты шара алдымен ескерткіш басына гүл шоқтарын қоюдан басталды деп, -хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейтойға жиналған жұрт желтоқсан қаһармандарын да еске алды.
null  

Азаттық жолында құрбан болған Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұдан кейін қонақтар Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Онда Берік Әбілханов есімді азамат әншіге арналған мемориалдық кешеннің жоқтығын ескеріп, арнайы жоба әзірлегендігін айтты. Оны аудандық өнер мектебінің алдына қойса деген ұсынысын білдірді.

Торқалы тойда Жаркенттегі орталық көшені Дәнеш есімімен алмастыру керектігі көтерілді. Сонда ауданның қос бәйтерегі Әбілхан Қастеев пен Дәнеш Рақышевтың атымен аталатын көшелер түйісіп, қонақтарды құшақ жая қарсы алғандай әсер қалдырады,- деді жазушы Бексұлтан Нұржекеев.

null

Ұлы тұлғаны ұлықтау шарасында қонақтарды аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев құттықтап, «Дәнеш бір туар дара тұлға» атты баяндама жасады. Ал облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді. Өңірде Дәнеш атамыздың торқалы тойына орай өткізілген шараларды тізбектеп берді. Соған ұйытқы болған Нұржан Жанпейісовпен Гүлнәр Дәнешқызына алғыс хаттарын табыс етті.

null  

ҚР халық әртісі, әнші, сазгер Дәнеш Рақышев - халықтық өнердің інжу-маржанын бойына сіңіре білген ерекше талант иесі. Күллі қазақ даласын әсем әнімен әлдиледі. Оның өлеңдері елімізбен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан сынды мемлекеттердің де аспанында қалықтаған. Жезтаңдай әнші ғасырлар бойы қалыптасқан бай, мәдени, рухани мұрамыздың толығуына да сүбелі үлес қосты. Ол халық сазгері Әсет Найманбаевтың шығармаларын елге әкеліп қайта жаңғыртты.
null null  

Соңғы жаңалықтар