Алматы облысында былтыр жөнделген жол жарамсыз болып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында шұрық-тесікке айналған жол былтыр ғана 50 млн теңгеге жуық қаржыға жөнделгенін, Оны жергілікті әкімдік растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Матай Байысов ауылындағы Күләш Байсейітова атындағы көшеге былтыр күрделі жөндеу жүргізілген. Бастапқы келісімшарт бойынша 42 млн 179 мың теңге, қосымша келісім шартпен тағы 7 млн 256 млн теңге бөлінген. Осылайша екі шақырымға жетер жетпес жолға 49 млн 436 мыңнан аса қаражат жұмсалған.

Қазір әкімдік жөндеу жүргізген мердігер жолдың сапасына екі жылға дейін жауапты екенін айтып, барлығы қалыпқа келтірілетінін жеткізді.

«Келесі аптада жолды қайта қалпына келтіру басталады. Өйткені, күн енді жылынып келеді. Көшенің жолын жасаған мердігер компаниямен келісімшарт болғандықтан, олар жолдың сапасына 2 жылға дейін жауапты», - деп мәлімдеді Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Күләш Байсейітова көшесіндегі 1820 метрлік жолды «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС жүргізген. Ал тапсырысты «Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» берген.


Соңғы жаңалықтар