Алматы облысында бұрын сотталған әйел зейнеткердің ақшасын алып кеткен

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері 82 жастағы зейнеткер зардап шеккен алаяқтық дерегін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтық дерегі Ескелді ауданында тіркелген. Өзін әлеуметтік қызмет өкілімін деп таныстырған бейтаныс әйел Қарабұлақ кентінің тұрғынынан 80 мың теңге зейнетақысын алдап алып кеткен.

«Аталған дерек бойынша бұған дейін алаяқтық істері үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны күдікке ілініп, ұсталды. Күдікті әйел аудандық әлеуметтік қызметінің өкілі екенін айтып, зейнеткерге тамақ өнімдері мен көмірді тегін беретін акцияның өтіп жатқанын хабарлаған. Сөзінің шындығын дәлелдеу мақсатында зейнеткерге бірнеше келі макарон, қант, ұн берген. Сондай-ақ акция бойынша уәде етілген үш тонна көмірдің жеткізілетініне сендірген. Нәтижесінде, күдікті алдау арқылы 80 000 теңге қаржыны иемденген»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жүргізілуде. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.



Соңғы жаңалықтар