Алматы облысында букеспе ұрылар тобы құрықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлерден ұрлық жасап жүрген қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұрылар тобы Түркістан мен Қызылорда облысының бұрын істі болған үш тұрғынынан құрылған. Олар Алматыда жалға берілетін пәтерлердің бірінен ұсталған. Қылмыскерлерді Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құрықтады.

«Ұсталғандардың жастары 28-34 аралығында. Олардың әрқайсысы бұрын қылмыстық жауапқа тартылған. Олар жеке тұрғын үйлердің пластик терезелерін бұзып кіретін болған. Қылмыстық топ заңсыз әрекеттерінің бірін Боралдай ауылында жасаған. Ол оқиға бойынша құны 1,5 млн теңге тұратын әшекейлік бұйымдары табылды. Ұрланған алтындар табылды, олар қалалық ломбардттардың бірінен алынып, қылмыстық тергеу материалдарына заттай дәлел ретінде енгізілді»,-деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция құрықталған қылмыстық топтың биылғы жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысының Іле, Қарасай аудандарында жасалған 20 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдік келтіріп отыр.

«Ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188 бабы, 3 бөлігіне сай жүргізілуде. Күдіктілер қамауда отыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.


Авторы: Хасан Еспанов



Соңғы жаңалықтар