Алматы облысында бүгін 12 өрт шығу оқиғасы орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ТЖД басқармасының өрт сөндіру қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Бүгін Алматы облысында 12 өрт шығу оқиғасы орын алды. Олардың бәрі қураған шөптің тұтануынан болған.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев айтты. Өрт шығу оқиғалары Қарасай ауданының Жандосов, Үшқоңыр ауылдары маңайында, Талғар ауданының Гүлдала, Тұздыбастау, Қайрат, Алатау ауылдары маңында орын алған.

«Қазіргі таңда ең ауқымды өрт Қарасай ауданының Үшқоңыр елді мекені маңында тұтанды. Алматы-Бішкек тас жолында 7 га аймақ өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге 1 көлік пен бірнеше жеке құрам қызметкер жұмылдырылды. Көктемге қарай өрт оқиғаларының көбеюіне байланысты, өртке қарсы қызметте көлік жетіспей жатыр. Сол себепті, біз өртті сөндіруге жергілікті әкімшілік қызметкерлерін, тұрғындарды жұмылдырып жатырмыз», - деді ол.

Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар