Алматы облысында браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Алматы облысы аумағынан 3 броконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», - деген ақпарат таратылды комитеттен.

Хабарламада айтылғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған.

Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Т ергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар