+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматы облысында браконьерден тауешкінің еті мен екі мылтық тәркіленді

2020 жылғы 22 қазан 01:24
Бөлісіңіз:
Алматы облысында браконьерден тауешкінің еті мен екі мылтық тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер браконьерден тау ешкінің еті мен екі мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да алты елікті заңсыз атқан браконьерлер ұсталды Ақтөбе облысында 6 елікті атқан браконьерлер қолға түсті БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Браконьер» жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған.

Соның аясында Райымбек ауданының полицейлері Талғар ауданының 36 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Марк-2» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктің ішінен тау ешкісінің еті және екі ойық аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.Олар сараптамаға жіберілді. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қолхатпен босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT