Алматы облысында бойжеткен 6 күннен бері табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алты күннен бері із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Айгүл Амангелдіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен 13 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кеткен Айгүл Жанатбекқызын іздестіруге полицейлер, еріктілер, қыздың туыстары, жұмылдырылған. Олар жер-жердегі тау, өзен маңын барлық жерді іздестіріп жатыр.null

Қыз баланың бойы шамамен 167-168 см, орта денелі, көзі көкшіл-сұр. Үстіне көк шалбар, ақ жейде киген. «Із-түзсіз жоғалған тұрғынды іздеуге ауданның полицейлері мен еріктілері жұмылдырылған. Егер кімде-кім Айгүл Амангелді жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса бірден 8 (7282) 600-232, 600-233, 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 немесе 102 номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.null

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар