Алматы облысында бортында 5 адам болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Алакөл аудандық ауруханасынан анасы мен кішкентай баласын тасымалдаған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалған.

Бүгін сағат 17:47-де ҚР ТЖД-нің кризистік орталығынан сағат 17:10-да Талдықорған әуежайында қонуы тиіс болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алматы облыстық ТЖД-нен хабарлағандай, тікұшақ сағат 15:45-те Үшарал қаласында сәтті қонып, бортына анасы мен 2 айлық баланы алып, оларды Талдықорған ауруханасына жеткізуі тиіс болған.

Тікұшақ бортында ұшқыш, гематолог дәрігер, санавиция фельдшері, кішкентай бала және оның анасы болған.

Қазіргі кезде жоғалғандарды іздеуге 75 адам жіберілді.

Алдын ала нұсқа бойынша, тікұшақ Алматы облысының Қызылағаш аулының ауданында жоғалған.

Соңғы жаңалықтар