Алматы облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Талдықорғанға кіретін жерде жол-көлік апаты болып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы Талдықорғанға кіретін жерде болды. Екі адам - ер адам мен әйел қаза тапты. Жол апатынан 14 жасар қыз зардап шегіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Авторы: Хасан Еспанов

Соңғы жаңалықтар